Жыл сайынғыадами құндылықтарға байланысты өтетін апталық аясында "Жалпы адами құндылықтар " атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.Бұл іс -шарада отбасы, сүйіспеншілік,достық,әділ болу, шындық,білім, мәдениет, бейбітшілік тағы да басқа адамға қажетті құндылықтар қарастырылды.Мұғалім тарапынан оқушыларға "Әке мен бала" атты аңыз әңгіме әңгімеленді.Бұл жерде оқушыларға жаманнан жирен, жақсыға ұмтылу керек деген ұғым жайында қорытынды жасалды. Одан әрі оқушыларға "Жеті гүл" атты мультфильм көрсетілді. Бұл мультфильмнің мақсаты мен тәрбиелік жағы қарастырылды.Оқушыларға қашанда әділ, шыншыл, түсіністікпен қарау және бір-біріне көмек көрсету қажет екендігі жайында айтылды.7 гүлдің макеті жасалды.Оған адами құндылықтар жазылды.Іс-шара соңында "Әділдік дегеніміз не?" деген тақырыпта сынып сағаты қорытындыланды.