«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Мало-Александровка ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Мало-Александровка ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мало-Александров негізгі мектебінде Наурыз мейрамын тойлау жоспарын іске асыру есебі

Мало-Александров негізгі мектебінде Наурыз мейрамын тойлау жоспарын іске асыру есебі

              

            Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың  «Тәуелсіздік-бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын әзірлеу және көктем мерекесінің  мазмұнын байыту туралы тапсырмасына сәйкес  Мало-Александров негізгі орта мектебінде жоспарға сәйкес мынадай әс-шаралар жүргізілді.

Барлық  мерекенің бастауы-сәлемдесуден басталады. Шығыс халықтарының жаңа жылы - Наурыз мейрамын, Ұлыстың ұлы күнін  «Сәлем-сөздің атасы» атты іс-шарамен аштық. Сәлемдесу күні мектебіміздің оқушылары әр ұлттың өкілдерінен құралғандықтан , олар өз ана тілдерінде ұстаздарын, ата-аналарын, оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Келесі күні «Табиғатты қорға» челленджне ұласты. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды өз туған жеріне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады. Оқушылар мектепте гүл отырғызу жұмысын қолға алды. Сонымен бірге қураған бұтақтардан түрлі макеттер жасап, олардан көрме ұйымдастырылды.

Наурыз –үлкенді құрметтеу мерекесі. Бұл акция аясында мектепте барлық сыныптарда «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» атты тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өтті. Бұл мереке Қыдыр атаның келуімен, оның бата-тілегімен басталды.Наурыз-бата мереке күндерінде ерекше орын алып, оқушылар наурыз тойына арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды, би билеп, сахналық қойылым қойды.

Наурыз мейрамына арналған келісім, достық, ынтымақтастық, бірлік және тағы да басқа құндылықтарға негізделген «Наурыз мейрамының шығу тарихы» атты бейне фильм көрсетілді.

Бұл іс-шара оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отыра, тарихты  терең білуге, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады.

 

 Наурыз – тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі

Мемлекет басшысы бұлақ көзін ашу, ағаш егу сынды ата-салтымыз Наурыздың келуін білдіретінін әрі жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы екенін атап өтті.

Бастаманы жүзеге асыру аясында аулаларды, көшелерді, саябақтарды, алаңдарды және т.б. жерлерді тазарту дәстүрін енгізу ұсынылады. Осындай іс-шараларды мерекеге дайындық барысында белсенді түрде өткізу қарастырылды.

Бұл бағыттағы қадам «Таза табиғат» акциясы болды.

Ағаш егу қолайлы климат кешірек түсетіндіктен акцияны кешірек ұйымдастыруымызға тура келді. Ал өткізілген «Игі істер» челленджінде ер балалар үйлерінің маңын тазартып, үлкендерге қолғабыс тигізсе,қыз балалар үй тазалығын қолға алғандарын көрсете білді.

Наурыз мейрамын жалпы көпшілік болып тойлау дәстүрі дамып келеді.

Осы мақсатта балаларға арналған ұлттық спорт (асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту, сақина салу және т.б.) ойындар ұйымдастырылды.

 

Наурыз мейрамында өткізіліп жатқан іс-шаралардың бәрі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту мақсатында,яғни  ұлтымыздың  бірегейлігін  нығайтуға бағытталып жатыр дегіміз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 21.03.2021 11:38
Құрылған күні: 21.03.2021 11:38

Текст