Текст
2020 жылдың 12 наурызында біздің мектепте дөңгелек үстел іс шарасы өтті. Елбасымыздың алға қойған міндеттерінің бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында « 100 қазақ тілінде шығатын оқулық» атты бағдарлама елімізде жүргізіліп жатыр. Осы бағдарлама аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садихина Алмагүл Дүйсенбайқызы мен өзін өзі тану пәнін жүргізуші ұстаз Лаукерт Гүлнар Мәкішқызы және 5-9 сынып оқушылары жаңа жарыққа шыққан оқулықтармен оқушыларды таныстыра отыра, оның елімізге, келешек ұрпақ үшін алатын орны зор екенін айтып өтті.