Текст
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Мало-Александров негізгі мектебінде «Менің тәуелсіз Отаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Мектеп оқушылары мен ұстаздар түгел қатысқан бұл іс-шара тәуелсіздік жолында құрбан болған жастардың құрметіне бір сәт үнсіздікпен басталды. Оқушылар қойылым көрсетіп, өлең оқыды. Шағын орталықтың кішкентай тәрбиеленушілері де би билеп, ән салып өз өнерлерін көрсетті. Барлық қатысушылар ұлттық киімде киініп, мектеп мерекеге араналып безендірілді. Отанға, еліне деген сүйіспеншіліктерін бұл іс-шара барысында көрсеткен оқушылар көтеріңкі көңілмен «Атамекен» әнін шырқады.