Қараша айының сегізінші жұлдызында Мало-Александров негізгі мектебінде пән мұғалімдерінің кезектес әдістемелік отырысы болып өтті. Бұл отырыста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садихина Алмагүл Дүйсенбайқызы өзінің іс тәжірибесімен бөлісті. Ол өз пәнін жаңаша бағдарлама бойынша оқыту кезінде тиімді қандай әдіс-тәсәлдер қолдану арқылы жеткен жетістіктері жайлы айтып өтті.
Өз ісінің шебері бүгінгі таңда оқушының сабаққа деген қызығушылығын қалай оята отыра, сабақ барысында төмен деңгейлі оқушының сабаққа ынтасын арттыру үшін қолданып келе жатқан тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті. Бұл жүргізілген шеберлік сабаққа қатысқан ұстаздар өздеріне көп мағлұмат алды. Алмагүл Дүйсенбайқызына келешекте шығармашылық табыстар тіледі.