Текст
Мало-Александров негізгі мектебінде Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында өткен апталықтың есебі
Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында мектебімізде 1-9 сынып оқушыларын қамтыған саптүзеу өтті. Еліміздің әнұраны ойналып, оқушыларды апталықтың ашылуымен мектеп басшысы Сейвальд Н.К. сөз алды. Ол Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағын оқушыларға дәріптей отыра, мектебімізде оқып жатқан әр ұлттың өкілдерін тілдер мерекесімен құттықтады. Қазақ тілінің мұғалімі Садихина Алмагүл Дүйсенбайқызы апталықтың ашылу кезеңімен және бұл кезеңде жүргізілетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырып өтті.